​Сайлау учаскесінде ардагер-ұстазға ерекше құрмет көрсетілді

423

Шымкент қаласындағы №45 сайлау учаскесінде шәкірттер ұстазын туған күнімен құттықтап, ерекше тосын сый жасады. Зейнекүл Үсенова – №52 мектеп-лицейінің ардагер-ұстазы. Математика пәнінің мұғалімі аталған білім ордасында 40 жыл ұстаздық етіп, зейнеткерлікке шыққан. Ардагер ұстаздың туған күні – сайлау күнімен тұспа-тұс келді.

–Ел Президентіне даусымды беріп, азаматтық борышымды орындадым. Бюллетенді салып болғаным сол еді, шәкірттерім гүлімен алдымнан шықты. Туған күнімді ұмытпапты. Осылай қос қуанышты сезініп жатырмын, — деді ұлағатты ұстаз толқынысын жасыра алмай.

Зейнегүл Үсенова тәрбиелеп шыққан шәкірттер бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде еліміздің дамуына үлес қосып жүр.

–Ұстазымыздың туған күні – 20 қараша. Мектеп кезінде де, кейін апайымыздың туған күнін ұмытпай құттықтап тұратынбыз. Зейнегүл апайдың туған күні сайлаумен қатар келіп, сайлау учаскесінде қуантқымыз келді, – дейді шәкірті Әсел Мәлік.

«Шымкент келбеті»

Фото Серік Қосаев

Алдыңғы пост
Шымкенттегі сайлау учаскелердің бірінде Қасымжомарт дауыс берді
Келесі пост
Шымкентте автокөліктерді электр тогымен қуаттайтын алғашқы станция пайда болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu