321
Алматы облысында төрт адамның өмірін жалмаған жол апаты орын алды. Оқиға “Алматы-Кеген-ТЮП” автожолының 2-ші шақырымында күндізгі уақытта болған. ІІМ Telegram-каналының жазуынша, “Тоyота” автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, “Mitsubishi”автокөлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан “Тойота” жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Сонымен қатар, “Mitsubishi” автокөлігінде болған 4 азамат түрлі дене жарақаттарымен Есік кентіндегі ауруханаға жеткізілді.Жол апатына байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.