Елордада ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін, топтың белсенді қатысушысын, сондай-ақ криминалды “беделдіні” ұстады. Polisia.kz жазуынша, олар ағымдағы жылдың сәуір айында елордадағы түнгі клубтардың күзет қызметіне ықпал ету салаларын бөлісу үшін криминалдық жанжал бойынша күдіктеліп отыр. Соның салдарынан екі адам атыс қаруынан жарақат алған болатын. Сонымен бірге фигуранттар аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған деп күдіктелуде. Күдіктілер қамқорлық көрсетуге және Ақмола облысының бизнесмендерінің арасындағы мүліктік дауды шешуге уәде берген. Ал төлем ретінде өңір аумағындағы сомасы 150 млн теңге тұратын екі үй мен екі коттеджді өз туысқандарының атына ресімдеуге көндірген. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.
Видео
Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді