“Ақшаңды көбейтіп беремін”. Сарыағашта алаяқ әйелге сот үкімі шықты

448

Сарыағаш  аудандық полиция бөліміне бірнеше тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғандарын жеткізген. Олардың айтуынша, алаяқ әйел «WhatsApp» мессенджерінде чат ашып, ондағы қосылған адамдарға ақша салған жағдайда қаржыны 1 апта ішінде 50 пайызға көбейтіп бере алатынын айтып сендірген. Ал оған сенген бірнеше тұрғын түрлі көлемде ақша салып, соңында алданғандарын түсінген. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, Қылмыстық кодекстің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша тіркелді.

Хабар алысымен сарыағаштық полицейлер жедел әрекет етіп, тұрғындарды алдап, ақшасын алған күдіктіні қолға түсіру бағытында қарқынды іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті жұмыссыз жүрген жас келіншек екені анықталды. Ол бұған дейін де алаяқтық жасаған. Екінші рет қылмысқа барған кезінде бас бостандығын шектеу жазасын өтеп жүргені белгілі болды.

“Ол өзіне сенген тұрғындармен тілдесіп, 10 жәбірленушіден жалпы 5 миллион теңгеге жуық ақша алып, бас пайдасына жаратып жіберген. Полицейлер осы қылмыстық істі соңына жеткізу үшін, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Нақты дәлелдерді келтіре отырып, іс-құжаттарын жинақтады. Осылайша жинақталған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды” деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Сот 25 жастағы әйелді Қылмыстық кодекстің 190-бабымен (Алаяқтық) кінәлі деп танып, 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Алдыңғы пост
Атыраулық ер кісінің үйінен 9 келіге жуық есірткі табылды
Келесі пост
Жетісуда 43 жастағы әйелге қарақшылық шабуыл жасалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu