Кентаулық тұрғын ұрлық жасауды кәсіпке айналдырып алған

333

Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғыны ұрлық жасауды бизнеске айналдырып алған. Бөтеннің мүлкін қолды етуге дәнігіп қалған ол оңай олжаларын сатып, түскен пайданы бас қажеттілігіне жаратып келген.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, полицейлерге бірнеше тұрғын арызданған. Жәбірленушілердің бірінің айтуынша, көше бойында орналасқан дүкен ішіне белгісіз тұлғалар сыртқы есігін сындыру арқылы жасырын кірген. Содан ондағы спорттық киімдер мен балалар аяқ киімін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын – 370 мың теңгеге жуық.

Келесі тұрғын болса, өз арызында түнгі уақытта белгісіз біреулердің  дүкеніне кіріп,  кассада тұрған  400 мың теңгені жымқырып кеткенін айтқан. Үшінші жәбірленуші де дәл осындай қылмыстың құрбаны болған. Бұл жолы ұры оның гаражына кіріп, автобөлшектерін ұрлап кеткен.

Көп ұзамай күдіктігінің жеке-басы анықталып, тұрғылықты жерінен ұсталды. Ол бұрын сотты болған.

Тексеру барысында ұсталған жас жігіттің жалпы 10 ұрлық жайтына қатысы бары белгілі болды. Күдікті ұрлаған бөтеннің мүліктерін сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жаратып жүрген. Ол қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Абай, Уолтер Скотттың бірегей басылымдары: үшінші мегаполистегі кітапханалар қоры қаншалықты бай
Келесі пост
Шымкент қаласының бас жоспарын жұртшылық талқылайды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu