Қарағандыда ер адам әйелмін деп танысып, 33 жастағы тұрғынды алдап кеткен

356

Қарағандыда әлеуметтік желі арқылы бойжеткенмен танысқан ер кісі оңбай алданды. 33 жастағы азаматтың айтуынша, ол алаяқтың құрбаны болған. Polisia.kz жазуынша, тұрғын  желіде қызбен танысып, бойжеткен оған романтикалық кешті бірге өткізуге уәде еткен. Бірақ ер кісі көрсетілген есепшотқа ақша аударған жағдайда ғана кездесу өтуі мүмкін болған. Өйткені бойжеткен оған сәйкес киім сатып алып, өзін ретке келтіру керектіін және оған ақша қажет екенін алға тартыпты. Кездесуді тағатсыздана күткен жәбірленуші алаяққа 350 мың теңге салып жіберген. Сол уақыттан бері бейтаныс адам байланысын тоқтатқан.

Алаяқтықтың құрбаны болғанын түсінген ер кісі полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленушімен хат жазысып жүрген азамат ұсталды. Ол 28 жастағы жігіт болып шықты. Күдікті жәбірленушіні сендіру үшін өзін әйелмін деп таныстырғанын мойындады.

Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
«Бойыңда дуа бар»: Алматылық әйел жас қызды алдап, бар алтынын иемденіп алған
Келесі пост
Шымкентте шетелдік азамат аяусыз соққыға жығылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu