332
Павлодар облысы Ертіс ауданына қарасты ауылдардың бірінде егістік алқаптан дәнді дақылдар ұрланды. Барлығы 35 тонна астық ұрланған, келтірілген шығын шамамен 5 миллион теңгені құрады. Бұл туралы Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов айтты.
Полицейлер көп ұзамай күдіктілерді ұстапды. Ұсталғандар 28 және 42 жастағы ауыл тұрғындары болып шықты. Олар өз кінәларын мойындады. Қолды болған астық толығымен тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.