Түркістан облысында 2 ер азамат барымташылықты кәсіп етіп келген

351

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының бірнеше тұрғынын барымташылар сан соқтырып кеткен. Ауыл тұрғындарының айтуынша, белгісіз біреулер олардың қора-жайларынан, жайылымдардан ірі қара малдарын қолды еткен. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы “Мал ұрлығы” бойынша тіркеліп, полицейлер шұғыл іздестіру іс-шараларына кірісті. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 3 миллионға жуық теңгені құрады.

«Жедел уәкілдер екі ер азаматтың ізіне түсті. Олар Мақтаарал ауданының тұрғындары болып шықты. Күдіктілердің жалпы мал ұрлығының 4 фактісіне қатысы бары анықталды. Олар өрістен қайтып келе жатқан, жайылымда жүрген малдарды ұрлап, өз арам ойларын жүзеге асырып келген. Қолды еткен төрт түліктерді мал базарға апарып сатып, ақшасын бас пайдаларына жұмсаған. Қазіргі таңда екеуі де қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Белгілі тележүргізуші Федерико Арналди Қазақстанның үшінші мегаполисіне палау мен атақты Шымкент кебабының дәмін көру үшін келді
Келесі пост
Маңғыстауда тұрғын үйді заңсыз ойын бизнесіне айналдырғандар ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu