Шымкент әкімі жылумен жабдықтау мекемелерінің басшыларымен кеңес өткізді

Аким Шымкента провел совещание с руководителями теплоснабжающих учреждений
294

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың жылумен жабдықтау мекемелерінің басшыларымен арнайы кеңес өткізді.

Кеңес барысында “3-Энергоцентр” АҚ, “Қуатжылуорталық-3” МКК, “Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС, “КЕГОК” АҚ Оңтүстік филиалы, “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ ШМФ өкілдері істердің ағымдағы жай-күйі және жылу маусымы кезінде төтенше жағдайлардың алдын алуға дайындығы туралы баяндады.

“Станцияда екі қазандық пен екі турбина арқылы қалыпты режимде жылу беріледі. Температура мен гидравликалық көрсеткіштер бекітілген нормаға сәйкес келеді. Құрылыс және қауіпсіздік бойынша тексеру жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде”,-деді” 3-Энергоцентр ” АҚ Бас директоры Қ.Оңғарбаев.

Қала басшысы барлық баяндамаларды тыңдап, барлық олқылықтар мен төтенше жағдайлардың ықтимал қауіптерін анықтауды және жедел алдын алу шараларының алгоритмдерін пысықтауды тапсырды. Жабдықтардың жұмысы және тұтастай алғанда жүйенің техникалық жай-күйі туралы ақпаратты ашық және уақтылы ұсынудың маңыздылығын атап өтіп, әкім жыл сайын қаланың жылумен жабдықтау жүйесін тексеріп, жаңартып отыруды және сервистік жұмыстардың орындалуын қатаң бақылауды тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның алты өңірінде жылыту маусымы “ерекше назар аудару”режимінде өтетіні хабарланған болатын.

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов үкіметтік сағат барысында жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша орталық жылумен жабдықтаудың 487 қазандығын дайындау үшін 1073 қазандық жөнделгенін, бұл жоспардың 90 пайызын құрайтынын хабарлады.

Электр желілерінің дайындығы желілер бойынша 70 пайызды, ал қосалқы станциялар бойынша 46 пайызды құрайды. Электр беру желілерін жоспарлы жөндеудің жалпы ұзындығы 20 201 шақырымды, сондай-ақ 712 бірлік жоғары вольтты қосалқы станцияларды құрады.

“Бүгінде 14 047 шақырым электр беру желілері мен 331 қосалқы станцияға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Электр желілерін жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде және белгіленген мерзімде аяқталады”, – деді министр.

Энергетикалық ведомство басшысы сондай-ақ электр станцияларының жабдықтарын жөндеу мерзімдері Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында сақталмайтынын айтты. Сонымен қатар, Қарағанды және Маңғыстау облыстарындағы, сондай-ақ Шымкенттегі станцияларды күрделі жөндеу 2023 жылға ауыстырылды.

Министрдің хабарлауынша, еліміздің жеті өңірінде жылыту маусымы “ерекше назар” режимінде өтеді.

“Жүргізілген талдауға сәйкес, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау, Ақмола, Павлодар, Абай облыстарында және Нұр-Сұлтанда күзгі-қысқы кезеңге дайындық түрлі себептерді ескере отырып, ағымдағы жылыту маусымының өтуіне ерекше назар аударуды талап ететін өңірлер ретінде айқындалды”,-деп атап өтті Болат Ақшолақов.

Алдыңғы пост
Балалар ауруханасында балаларға мереке ұйымдастырылды
Келесі пост
Ақтөбеде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu