Шымкентте балабақшадан университетке дейінгі білім берудің жаңа моделі енгізіледі

323

Білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бекітілді.

Білім министрі Асхат Аймағамбетов ұсынылған тұжырымдамада білім беру сапасын кешенді жақсарту бойынша бірқатар іс-шаралар бар екенін айтты. Атап айтқанда, “ойын арқылы оқыту” мектепке дейінгі тәрбиенің жаңа моделін енгізу, балабақшалар мен орталықтарды ашу, тәрбиешілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жалғасады.

Жекелеген пәндер бойынша мектеп бағдарламалары жетілдірілетін болады. Бұл ретте мектептерге кезең-кезеңімен үлкен академиялық автономия берілетін болады. Сондай-ақ, халықаралық деңгейдегі мектептерде қорытынды бағалау нәтижелерін тану бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Оқу процесін цифрландыру шеңберінде бірқатар жобалар іске асырылатын болады:” цифрлық мұғалім”, шағын жинақты мектептерде жекелеген пәндерді онлайн оқыту және дербес цифрлық оқулықтар (мобильді қосымша).

Бұдан басқа, білім берудегі қызметтерді цифрландыру, оқушы орындарының жетіспеушілігін жою, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау, жаңа факультативтік пәндерді енгізу және мектептерде қосымша секциялар ашу, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және т. б. бойынша жұмыс жалғасады.

Осы тақырып бойынша ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин де баяндама жасады.

Сөз сөйлеушілерді тыңдап, Премьер – Министр Тұжырымдаманың ұсынылған жобасы балабақшадан бастап университетке дейінгі барлық деңгейлерде сапалы білім алуға қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

“Құжатта жеткілікті өршіл нысаналы индикаторлар қойылған. 2026 жылға қарай барлық мектепке дейінгі ұйымдар тәрбие мен оқыту сапасын бағалаудың халықаралық құралдарын енгізеді. Ата-аналар кез-келген мектепке дейінгі ұйымда жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаты бойынша орындарды таңдай алады. Сондай — ақ, балалардың әл-ауқатының индексі мен интерактивті картасын іске асыру бойынша іс-шаралар қарастырылған”, – деді Әлихан Смайылов.

Ол мектептерде жайлы және қауіпсіз орта құру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша “Жайлы мектеп”Ұлттық жобасы әзірленіп жатқанын еске салды. Шағын жинақталған оқу орындарын дамыту үшін “мобильді мұғалім”, “нәтижелілігі төмен мектептерге мықты мектептердің қамқорлығы” және “Қамқор жанұя”жобалары енгізілуде.

Сонымен қатар, 2025 жылға қарай жаңа құрылыс стандарттары бойынша 840 мың орындық мектеп салу жоспарланған.

Алдыңғы пост
Үшінші мегаполисте “оқу мектебі” жобасы енгізіледі
Келесі пост
​Жас жігіт өз атына несие рәсімдеп алып, кейін полициядан көмек сұраған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu