Қылмыстық процестің үш буынды моделі өзін оң жағынан көрсетеді

Теги:
308

ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Шымкентте көшпелі отырыс өткізді. Президент Жолдауын іске асыру аясында олар еліміздің қылмыстық іс жүргізу заңнамасын одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылады.

Кеңеске Бас прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ІІМ, жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысты.
Кездесуде қылмыстық іс жүргізу заңнамасын одан әрі жетілдіру, азаматтардың құқықтарын қорғау, проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.

“Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру шеңберінде жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейтуге, есірткі қылмыстары, жеке адамға, меншікке қарсы қылмыстар және басқа да ауыр қылмыстар үшін жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған заңдар қабылданды. Сондай – ақ, қылмыстық процестің үш буынды моделі өзін оң жағынан көрсетеді”, – деді ол.
Владимир Волков кездесуге қатысушыларға сот жүйесін жетілдіру бойынша Сенаттың жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді, оның қорытындысы бойынша тиісті заң жобалары әзірленетін болады.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов те құттықтау сөз сөйледі. Ол Шымкентте көшпелі отырысты өткізудің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ өткізіліп жатқан Сараптамалық талқылаудың және “жергілікті жерлерде”жағдайды зерделеудің нәтижелілігіне сенім білдірді.
Шымкент әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мұндай отырысты өткізудің маңыздылығын атап өтіп, талқылаудың жемісті болатынына сенім білдірді. Ол сондай-ақ қалада мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау бойынша кешенді жоспар әзірленгенін, қала әкімдігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп азаматтардың қауіпсіз өмірін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Өз кезегінде Бас прокурордың орынбасары Әсет Чиндалиев депутаттарға Бас Прокурордың қылмыстық заңнаманы оңтайландыру бөлігінде жүргізген жұмысының қорытындылары және қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстерін бір мезгілде түзете отырып, қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша әзірленген заң жобасы туралы айтып берді.
Ішкі істер министрлігінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Шымкент қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының өкілдері де баяндама жасады.

Сондай-ақ, сенаторлар қалалық мәслихат депутаттарымен кездесіп, Жолдауды іске асыру мәселелерін талқылады. Кездесу соңында В. Волков Республика күніне орай мәслихат депутаттарына алғыс хаттар табыс етті.

Алдыңғы пост
Шымкенттегі педагог мәртебесі туралы министр Аймағанбетов мұғалімдермен сөйлесті
Келесі пост
Бүкіл Қазақстан арқылы жаяу: 72 жастағы марафоншыға пәтер сыйға тартылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu