Кәсіптік білімге сұраныс көп

Теги:
370

Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту» орталығы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды оқытуды 3 бағыт бойынша жүргізіп келеді.

Бірінші – жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарға кәсіптік білім беру:

Жыл басынан 74 жұмыс берушіден, 29 мамандық бойынша өтінімдер қабылданып, 1632 адам дизайнер, автоэлектрик, кондитер, тігінші, визажист, аспаз және т.б. мамандықтар бойынша кәсіптік дағдыларды игеріп жолдама алса, оның 1553-і оқуын аяқтап, жұмысқа орналасқан.

Екінші — жұмыссыз топты жұмыс берушілердің жұмыс базасында кәсіптік оқыту:

Биыл қысқа мерзімді кәсіптік оқыту 32 мамандық бойынша жүргізілді. Оқудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктеріне қарай 3 (үш) ай мерзімге жалғасып, 760 азамат жолдама алды. Жалпы 774 азамат білім алып, тиісті куәлікке ие болды.

Үшінші – skills.enbek.kz онлайн кәсіби оқыту платформасы арқылы кәсіби білім беру:

Қазіргі таңда 1976 азамат оқуын аяқтады. Айта кетейік, мұнда талапкерлер 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсырады, онлайн курсты сәтті аяқтап, дағдыларды игеру туралы сертификат алады.

Қала бойынша жыл басынан бері 2400-ге жуық азамат кәсіптік білім игерген.

Жалпы аталған мүмкіндіктер арқылы жұмыссыз азаматтар, жаңа мамандық игеріп, кәсіпорындар мен мекемелерге жұмысқа орналасуға зор мүмкіндік алады.

Қала тұрғындары қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өту үшін Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіне алады.

Сондай-ақ,  Шымкентте “Жұмыспен қамту және халықтың табысын арттыру” бағыты бойынша бірнеше өндіріс орындары ашылды.  Жыл басынан 31 мыңнан астам азамат жаңадан ашылған өндіріс орындары мен істеп тұрған мекемелерге тұрақты түрде жұмысқа орналасты. Соңғы көрсеткіш бойынша мегаполисте жұмыспен қамту шараларына 52 мыңнан астам адам қатысқан.

Ал әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 69 пайызға азайып, 15 600 отбасыны құрады. Былтыр 51 263 отбасы болатын.  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл 24 мыңға жуық мұғалімнің еңбекақысы 25 пайызға, 17 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы 20 пайызға, ал денсаулық сақтау және спорт салаларында еңбекақы 25 пайызға өсті.  Жалпы алғанда, биылғы жылдың 9 айында орташа жалақы 22 пайызға өсіп, 229 889 теңгені құрады.

Шымкент қаласы әкімдігі «Халықты жұмыспен қамту» орталығының қолдауымен жыл басынан бері 2413 жас жұмыспен қамтылған. Оның ішінде өз мамандығы бойынша “Жастар практикасы” жобасы аясында жұмыс орындарына 2125 жасқа жолдама берілген.

Алдыңғы пост
Жас жігіттер дүкеннен 5 млн теңгенің зергерлік бұйымдарын үптеп кетті
Келесі пост
Еліміздің үшінші мегаполисінде электрмен жабдықтау мәселесі шешілуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu