376
Түркістан облысы Түлкібас ауданында тұратын әйел мемлекеттен қайтарымсыз грант аламын деп алаяқтың құрбаны болды. Жәбірленушінің айтуынша, сырттай танысы мемлекет тарапынан 5 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз несие алып беремін деп сеніміне кірген. Уәдені үйіп-төккен әйел жәбірленушіден 1 миллион 800 теңгесін алған. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғын тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Ол жұмыссыз әйел болып шықты. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдікті келіншектің бұдан басқа да жайттарға қатысы бар-жоқтығын анықтауда.