333
Қызылорда облысының Теренөзек-Қызылорда тас жолының 60/31 шақырымында КамАЗ бен бензовоз көліктері жеңіл автокөлікпен соқтығысты. Жол апаты салдарынан 4 адам қайтыс болып, бір адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Оқиға кеше, 14 желтоқсан күні болды.
ІІМ Telegram-арнасының жазуынша, орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.