Талдықорғанда бұрынғы әйелін пышақтап тастаған тиран еркекке сот үкімі шықты

563

Талдықорғанда бұрынғы әйеліне тапа-тал түсте көшеде шабуыл жасап, бірнеше жерінен пышақтап кеткен ер кісі сотталды. Оқиға 5 қаңтар күні келіншек балабақшаға барар жолда болған. Ер кісі бұған дейін де келіншекті «өлтіріп кетемін» деп қорқытып-үркітіп жүрген екен.

Әйелге тап берген оны көшеде өтіп бара жатқан екі қыз көріп, дереу өзгелерден көмек сұраған. Осы кезде еркек оқиға орнынан қашып кеткен.

«Пышақпен қаруланған ер адам бұрынғы жұбайын үйдің маңында тосып жүріп, оның бетін, мойнын және денесінің басқа да бөліктерін қатты жарақаттаған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Онда ол ұзақ уақыт дәрігерлердің бақылауында болды. Оқиға орнынан жасырынған күдікті көп ұзамай халықаралық іздеуге жарияланды» деп атап өтті Жетісу облыстық Полиция департаментіндегілер.

Талдықорған қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимовтің айтуынша, іздеуде жүрген адам Қостанай облысының аумағында жасырынған. Сол жерде ұсталып, Талдықорған қаласына жеткізілген. Қылмыстық іске бірнеше сараптаманың нәтижелері қоса тіркелген. Тергеу аяқталғаннан кейін айыптау қорытындысы бар материалдар қалалық соттың қарауына жіберілді.

Сот үкіміне сәйкес 31 жастағы ер адамға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
Жамбылда екі тұрғын жас жігіттен тұрақты түрде ақша бопсалап келген
Келесі пост
Атырауда жаяу жүргіншіні қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu