Бойжеткеннің айтуынша, көңіл жарастырып жүрген жігітіне әлеуметтік жағдайын оңалту үшін өз атынан несие алып берген. Бұдан бөлек қолындағы жеке ұялы телефонын ломбардқа өткізіп, одан түскен 250 мың теңгені қолма-қол санап беріпті. 28 жастағы қыз қаражатын әлі қайтара алмай жүрген. Осылай деген ол полицияға арызданған. Жалпы келтірілген шығын көлемі – 2 миллион 275 мың теңге. Оның арызы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Күдікті бір тәулік ішінде қала аумағында қолға түсті. Ол Шымкент қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.
Тергеу барысында ұсталған азамат заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді. Қазіргі уақытта күдіктінің алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.