Ұландық жауынгерлер жаңа оқу кезеңін бастады

394

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімнің жауынгерлері салтанатты түрде жаңа оқу кезеңінің ашылуын атап өтті. Салтанатты шараға әскери бөлімнің барлық жеке құрамы сапқа тұрғызылды.  Еліміздің әнұранын шырқаумен басталған шараға әскери бөлімнің құрметті ардагерлері де қатысты. Жаңа оқу жылының ашылуына құттықтау сөз арнаған бөлім командирі полковник Бауыржан Қабылбеков өткен жылдағы әскери бөлімнің жүріп өткен жолдарына, жеткен жетістіктеріне де тоқталып өтті: «Сіздерді қысқы оқу жылының басталуымен құтықтаймын! Бүгін біз сіздермен бір жылды артқа тастап, жаңа оқу жылын бастағалы отырмыз. 2022 жылда 6506 әскери бөлімі Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдері бойынша инспекторлық тексерісті өте жақсы деген бағаға тапсырып, сондай-ақ барлық жауынгерлік тапсырмаларды толықтай орындады. Жауынгерлік даярлық әскеріміздің барлық іс-әрекетінің және жауынгерлік-қызметтік тапсырмаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша ұйымдастырушылықтың негізі болып табылады. Соныдқтан негізгі ісіміз – әскери қызметшілердің сапалы білім алып, білікті маман иесі атануы және бөлімнің жауынгерлік әзірлігін жоғары деңгейде ұстау үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет.

Бұл үшін жұдырықтай жұмыла қызмет етеміз»,- деді. Өз кезегінде әскери бөлімнің құрметті ардагері запастағы полковник Нұрымбетов Сұлтан Жаңабайұлы да жеке құрамды атаулы күнмен құттықтап, жаңа оқу кезеңіне сәттіліктер тіледі. Салтанатты шерумен аяқталған таратылымнан соң бөлім жауынгерлерімен мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша алғашқы сабақ та басталып кетті.

 

Алдыңғы пост
Ұлттық ұланда жаңа оқу жылы басталды
Келесі пост
Ұлттық ұлан жауынгерлері жаңа оқу кезеңіне көшті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu