Шымкент әкімі конгресс-холл құрылысын дер кезінде аяқтауды тапсырды

436

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жауаптыларға шаһарда бой көтеріп жатқан конгресс-холл құрылысын мерзімінде аяқтау керектігін айтты.

Әкімдіктің мәліметінше, қала басшысы конгресс-холл құрылысы басына барып, атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалады. Қазір мұнда әрлеу, ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылысқа 200-ден астам жұмысшы, 20 техника жұмылдырылған.

Конгресс-холл ғимараты 5 блоктан тұрады, 3 қабатты. Нысанда 2066 орындық көрермен залы, 190 орындық конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық баспасөз орталығы, 148 орындық асхана қарастырылған.

Заманауи талапқа сай бой көтеріп келе жатқан ғимарат жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Көпсалалы орталық ретінде іске қосылатын конгресс-холлда халықаралық конференциялар, фестивальдар мен концерттік бағдарламалар, өзге де ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

Жұмыс барысын пысықтаған Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға ғимараттың талапқа сай жабдықталуын бақылап, құрылыстың сапалы атқарылуын қадағалауды тапсырды. Айта кетейік, нысан 2023 жылы пайдалануға берілетін болады.

Алдыңғы пост
Қазақстандықтардың көбі қандай спорт үйірмелеріне барады?
Келесі пост
Шымкентте “Қамқорлық” ерте араласу орталығы ашылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu