Сайрамда көптің жағасын ұстатқан дәмхана иесі айыппұл арқалады

368

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегілер Сайрам ауданында орналасқан «Минутка» дәмханасында жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оған бұған дейін әлеуметтік желілерде санитариялық талаптарды сақтамаған дәмханалардың біріне қатысты видео себеп болған. Бейнежазба  көпшілік арасында резонанс тудырған болатын.

Тексеру нәтижесінде дәмханада жуу жинау, дезинфекция жұмыстарының сапасыз жүргізілгендігі, тамақтану залындағы желдету жүйесінің жалюзді торларының жуылмағандығы, шайындыларды микробиологиялық зерттеу нәтижесінде 20 сынамадан 2 ішек таяқшалар тобының бактериясы анықталған. Сондай-ақ, тағам дайындауда пайдаланатын ет және ет өнімдері, макорон, ұн, өсімдік майының сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болмаған.

«2023 жылдың 17 сәуіріне дейінгі уақытта өрескел бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы ұйғарым беріліп, жеке кәсіпкерге Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 425-бап 1-бөлігіне сәйкес, 230 АЕК (793 500 теңге) айыппұл салынды. Жоғарыда көрсетілген ұйғарым талаптары мерзімінде орындалмаған жағдайда материал сотқа жолданады» деп атап өтті облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Ұрланған көліктерді сатумен айналысқандар сотталды
Келесі пост
Кафеге шай ішуге келген ер адам қомақты қаржысы бар әмиян тауып алды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu