Шымкентте жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері қала аумағында кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз жүруінің алдын алу бойынша іс-шара өткізді. Тәртіп сақшылары түнгі уақытта жастар көп шоғырланатын орындарға рейд жүргізген. Шара барысында екі тәулікте түнгі уақытта ата-анасының бақылауынсыз жүрген 140 жасөспірім анықталды. Соның ішінде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша 83 баланың ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, сағат 20:00 мен 23:00 аралығында дәмхана, мейрамхана аумақтарында және көше қиылыстарында жарамазан айтып жүрген 57 жасөспірімнің ата-анасы шақыртылып, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қадағалаусыз жүрген 9 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды.
Видео
Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді