1-сыныпқа баратын балалардың құжаттарын қабылдау басталды

317

Қазақстанда алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын балалардың құжаттар қабылдау басталды. 1-сыныпқа өтініш беру 1-сәуір мен 1-тамыз аралығында жалғасады. Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz электрондық үкімет веб-порталында,  жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде көрсетіледі. Балалар 6 жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.

Өтініштер демалыс және мереке күндерінен бөлек дүйсенбі, жұма аралығында қабылданады. Ол үшін төмендегі құжаттар талап етіледі:

– Ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;

– Жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);

– “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-бекітілген № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және “Бала денсаулығы паспорты” 026/у-3 есеп нысаны;

– баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi;

– Ерекше білімді қажет ететін балалар болған жағдайда «Педагогикалық – психологиялық –медициналық кеңесі» қорытындысы.

Айта кетейік, биыл Шымкентте 27 мың бала 1-сыныпқа барады деп күтілуде.

Алдыңғы пост
Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті
Келесі пост
Тұран ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімшесі өз жұмысын бастады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu