Ақтөбеде пара алған мектеп директоры айыппұл төлейтін болды

347

Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы мектеп директоры 600 мың теңге пара алып ұсталған болатын. Аудандық сотта оған қатысты сот үкімі оқылды.

№6 мектеп директорына Қылмыстық кодекстің «Пара алу» бабы бойынша айып тағылды. Сот отырысында белгілі болғандай, директор зертханашы лауазымына жұмысқа орналастыру үшін танысынан 600 мың теңге көлемінде пара алған. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты.

Сот үкімімен директор кінәлі деп танылды. Оған өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның 30 еселенген сомасы мөлшерінде, яғни, 18 миллион теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Айта кетейік, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
Шымкентте қоқыс шығару тарифі екі еседен астам артады
Келесі пост
Үйінде 1 келіден астам есірткі сақтаған ер азамат ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu