Түркістан облысы Арыс қаласында 1 келіден астам есірткі затын үйінде сақтаған тұрғын анықталды. Жедел уәкілдер шұғыл іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотты болған Арыс қаласының тұрғынын ұстады. Күдіктінің үйін тінту кезінде полицейлер өсімдік тектес есірткі затына ұқсас 20 полиэтилен пакет орамасын тәркілеп алды.
Тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жолданып, қорытындыға сәйкес әрбір орамадағы есірткінің шамамен 60-70 грамды құраған кептірілген марихуана екені анықталған. Олардың (20 орама) жалпы салмағы 1 келіден асатын “марихуана” есірткісі болып шықты.
Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігімен “Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу” сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.