368

Шымкенттегі «Жүрек» орталығында жылдан жылға жоғары технологиялық оталар саны артып келеді. Мәселен, былтыр медицина орталығында 555 науқастың жүрегіне ашық түрде ота жасалған.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 100 адамға артық. Сондай-ақ былтыр тамыз айында кардиология бағыты бойынша медициналық ұйымда ахуалдық орталық ашылған болатын.

Ахуалдық орталық кардиология саласындағы мамандандырылған қызметтердің жұмысына жедел мониторинг жүргізіп, емдеу жұмыстарын жақсартуға мүмкіндік берді. Бұл бағытта 44 амбулатория мен 3 ауруханада кардиологиялық кабинеттер ашылды.

Осыған дейін мұнда созылмалы жүрек аурына шалдыққан 8 науқасқа LVAC аппаратын орнату операциясы жасалған. Бұрын мұндай опрерациялар тек Астана қаласында жасалатын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed