336
Семейде 15 жасар оқушы мектеп-интернатта қайтыс болды. Жасөспірім тамақтану кезінде тұншығып қалған. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін бала көз жұмған. Полицейлер бала өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Істің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.