Шымкентте бастауыш сынып мұғалімінен туберкулез анықталды

437

Шымкентте жалпы орта білім беретін №33 мектептің бастауыш сынып мұғалімінен туберкулездің ашық түрі анықталды. Педагог 1 және 4 сынып оқушыларына сабақ беріп келген екен.

СЭС мамандарының айтуынша, оқушылар мен оқытушылар  арасында туберкулездің таралуына жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылданған. Санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жалғасуда.

“11 сәуірде аталған жағдай анықталғаннан кейін мектепте толықтай дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Кеше, 12 сәуірде мектеп жұмыс істемеді. Мұғаліммен байланыста болғандар анықталып, олар медициналық бақылауға алынды. Науқастың өзі ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы тұрақты”,-деді Шымкент қаласы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова.

Барлық қабылданған шараларға қарамастан ата-аналар балаларының денсаулығына алаңдап отыр. Олардың айтуынша, осыдан екі жыл бұрын аталған мектепте оқитын оқушыдан туберкулез анықталған екен. Содан бері бүкіл сынып әлі күнге дейін 6 ай сайын медициналық тексеруден өтіп келеді.

Білім мекемесінің директоры бүгін балалар дәстүрлі форматта білім алып жатқанын айтты.

Алдыңғы пост
Депутат букмекерлік кеңселердің жарнамасына толықтай тыйым салу керек деп дабыл қақты
Келесі пост
«Шумахер» жігіт 10 күнде 139 рет жол ережесін бұзған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu