367
Ақтөбе ашық тұрған құдыққа құлап кеткен бүлдіршін қайтыс болды. Оқиға 9 сәуір күні болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 1,5 жасар бала өрт сөндірушілердің гидранты бар тереңдігі 3,5 метрлік құдыққа құлап кеткен. Сәби шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, оған бірнеше рет операция жасалынған. Алайда бірнеше күн өткен өткен соң бүлдіршінді көз жұмды.
Полицейлердің дерегінше, оқиға болған күні баланың ата-анасы аула маңын жинауға шыққан. Сол кезде бүлдіршін байқаусызда құдыққа түсіп кеткен екен. Қазіргі таңда бала өлімі бойынша терегу жүріп жатыр, сараптамалар тағайындалды.