314
Петропавлда 67 жастағы зейнеткер көпқабатты үйдің 5-қабатынан құлап кетті. Оқиға кеше, 18 сәуір Н.Назарбаев көшесінің бойында болған. Әжей алған ауыр дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Қарт тұрғынның өлім фактісін полицейлер Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Соның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданатын болады.