Дәрігерлер 9 жасар баланың саусағын жалғап берді

480

Алматыдағы №2 балалар клиникалық ауруханасында саусағы екіге бөлінген 9 жасар балаға күрделі ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, бұл реплантанция  операциясы Қазақстан бойынша алғаш рет жасалып отыр. Және де мұндай күрделі отаны елімізде санаулы ғана дәрігерлер жасай алады екен.

Медицина мекемесіндегілердің айтуынша, мектеп оқушысының көшеде алған жарақатынан сол қолының бесінші саусағы екіге бөлініп қалған. Дәрігерлер саусақты қайта жалғаған. Операция 5 сағатқа созылған. Ақ халаттылар саусақты сақтап қалу үшін тін мен тамырларды операциялық микроскоппен тігіп, зақымдалған саусақтың артерияларын, өте кішкентай диаметрлі жүйке талшықтарын біріктірген. Осылайша жалғанған саусақта сүйектен басқа сіңірлер, тамырлар және қан айналымы қалпына келтірілді. Жалғанған саусақ толығымен тамыр алып, қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

Науқас бала клиникалық ауруханада 8 күн стационарлық ем қабылдаған.

Алдыңғы пост
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының басшысына сот үкімі шықты
Келесі пост
Шымкент прокуратурасы алимент төлемейтіндерге қарсы күресті күшейтті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu