333
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды. Отандық басылымдар 39 жастағы шенеуніктің бүгін ауруханада көз жұмғаны туралы жазды. Марқұмның кенеттен жүрегі тоқтап қалған.
Айта кетейік, Дмитрий Горьковой 1983 жылы 6 қазанда Шемонаиха қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде бастаған.
2015-2020 жылдар аралығында Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Риддер қаласының әкімі қызметіне 2020 жылдың қыркүйек айында тағайындалған.