Шымкенттік кәсіпкер «қара тізімнен» шығарылды

368

Шымкентте мемлекеттік сатып алу бойынша «жосықсыз өнім берушілер» тізіміне (қара тізімге) еніп қалған кәсіпкердің мәселесі шешілді.

«Бизнеске жол» жобасы аясында Шымкент қалалық антикор қызметкерлері Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп кәсіпкерлерге адал өнім беруші ретінде қалпына келтіруге көмектесті.

Мониторинг барысында келісім шарт бойынша міндеттемелерді уақытылы орындамағаны үшін квазимемлекеттік сектор субъектісі кәсіпкерді «жосықсыз қатысушылар тізіліміне» енгізгені анықталған. Осыған байланысты келісу комиссиясын өткізу жөнінде бастамашылық жасалып, тараптар тыңдалды. Оның барысында жеткізуші тауарды тапсырыс берушіге мерзімдері аяқталғанға дейін жолдағаны анықталды. Алайда логистикалық компанияның кінәсінен жүк уақытылы келмеген.

Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша кәсіпкер «жосықсыз өнім берушілер» тізілімінен шығарылды.

Алдыңғы пост
Алматыда ерлі-зайыптылар компания басшысынан ақша бопсалаған
Келесі пост
Ақтөбеде өрт болған үйден 2 баланың денесі табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu