350
Павлодарда кәріз құбырынан шала туылған ұл баланың мәйіті табылды.
Полицияға 20 сәуір сағат 18:15 шамасында Павлодар қаласындағы Бакинская көшесіндегі үйдің кіреберістерінің бірінің жертөле үй-жайында кәріз құбырын тазалау кезінде шала туылған баланың денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.