Мектепке мұғалім боп жұмысқа тұрмақ болған әйел оңбай алданды

291

Жамбыл облысында білім ұясына мұғалім болып жұмысқа кірмек болған жергілікті тұрғын алаяққа тап болды. Оның айтуынша, таныс келіншек қаңтар айында оны мектепке мұғалім болып жұмысқа орналастыруға уәде беріп,  ол “қызметі” үшін 700 мың теңге алған.

Жәбірленуші оған сұраған ақшасын берген. Алайда арада бірнеше ай уақыт өтсе де уәде етілген жұмыс орнына тұра алмаған.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары  басталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны күдікті ретінде анықталды. Әйел адам өз кінәсін мойындады. Ол келу туралы міндеттемемен босатылды.

Қазіргі таңда істің егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау мақсатында  барлық қажетті жедел-тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Банкрот мәртебесін алу үшін 50 мыңға жуық қазақстандық өтініш берген
Келесі пост
Шымкенттік оқушылар әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасына барды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu