331
Жамбыл облысы Байзақ ауданының полиция бөліміне 5 жасар қыздың анасы шағымданған. Айтуынша, белгісіз қарт кісі бүлдіршін қызының смартфонын алып қойған. Күдікті бағасы 132 мың теңге болатын гаджетті бүлдіршіннен алдау арқылы алмаға айырбастап алған.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 80 жастағы зейнеткер ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон түріндегі заттай дәлелдеме тәркіленді.