Шымкентте 613 миллиард теңге неге жұмсалады

317

Үшінші мегаполисте мәслихаттың II кезектен тыс сессиясы өтті. Күн тәртібінде мегаполисті дамытуға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Сессия отырысына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.

“2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті нақтыланды, қаржыландыру көлемі алғаш рет 613 миллиард теңгені құрады. Бюджеттің көп бөлігі қаланың өзекті мәселелерін шешуге, халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге және инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалады. Сондай – ақ, бүгінгі кеңесте жергілікті бюджеттен жалақысы төмен азаматтық қызметшілерге үстемеақы төлеу туралы шешім қабылданды”,-деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ сессия отырысында жергілікті тұрғындардың пікірі негізінде Үкімет жанындағы ономастикалық комиссияға 139 көшеге, 13 білім беру ұйымына және кітапханаға атаулар беру жөнінде ұсыныс енгізу туралы бірлескен шешім қабылданды.

Қала аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және сұрыптау бойынша қызметтер көрсетуге арналған тариф бекітілді.

“Бөлінген қаражат пен жоспарланған жоспарлар қала халқының табысын арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді”, – деп атап өтті ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентке жұмыс сапары аясында Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алған сәттен бастап көптеген оң өзгерістер болғанын атап өтті.

Сондай-ақ, ол үшінші мегаполисті Қазақстан Республикасының төрт хаб-қалаларының біріне айналдыруға бағытталған нақты шаралар қабылданып жатқанын хабарлады.

Өндірісті дамыту және өнеркәсіптік аймақтарды абаттандыру туралы айта келе, Мемлекет басшысы қала экономикасын әртараптандыру және отандық өнім шығаруды ұлғайту жұмыстарының маңызды бағыттары деп атады.

Сонымен қатар, Президент ауыл шаруашылығының әлеуетіне назар аударды. Оның айтуынша, ең өзекті мәселелердің бірі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып қала береді.

Содан кейін Мемлекет басшысы шағын және орта бизнестің қала дамуындағы рөлі туралы айтты. Атап айтқанда, Шымкентте кәсіпкерлікті қолдау бойынша “Іскер қала” бағдарламасы жүзеге асырылуда. Соңғы жылдары жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызға жетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаланың бас жоспары оның экономикалық әлеуетіне сәйкес келуі тиіс екенін, бұл ретте әлемнің ірі мегаполистерінің алдында тұрған проблемаларды ескеру қажеттігін атап өтті.

“Жақын маңда Орталық Азияның ең ірі нарықтарының бірі-Ташкент агломерациясы орналасқан. Сондықтан Шымкент барлық жағынан бәсекеге қабілетті болуы тиіс”, – деп түйіндеді ол.

Алдыңғы пост
Шымкентте заманауи талапқа сай келетін екі емхана құрылысы жүргізілуде
Келесі пост
Шымкентте ерекше балаларға арналған «Қамқорлық» орталығы ашылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu