Шымкенттің тағы бір елді мекені оптикалық интернетпен толық қамтамасыз етілді

348

Биыл “Қайнар бұлақ” елді мекені жеке инвесторлар есебінен оптикалық интернетпен толық қамтамасыз етілді. Бұл туралы Шымкент қаласының цифрландыру басқармасынан хабарлады.

“Бұған дейін біз “Самал-3”, “Асар-2”, “солтүстік-батыс” шағын аудандарына кабельдік интернет жүргізген едік”, – дейді iLinkNet компаниясының құрылтайшысы Марат Боқаев. – Биыл “Қайнар бұлақ”елді мекенінде жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазір мұнда халықтың 30 пайызы интернетпен қамтылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді”.

Шымкент қаласы цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мақсат Тұғанбайдың айтуынша, биыл инвесторлар есебінен үшінші мегаполисте 20 елді мекенде талшықты-оптикалық интернет және 15 кентте мобильді интернет жүргізу жоспарлануда.

Айта кетейік, соңғы уақытқа дейін Қайнар бұлақ халқы мобильді интернетті пайдаланған. Енді бір кабель арқылы сіз жұмыс, оқу және бос уақытты өткізу үшін заманауи қызметтерді үздіксіз пайдалана аласыз.

Интернетті жүргізу инвесторларға 100 млн теңгеге шығын келтірді. Мердігерлер сендіреді: олар екі жылға үздіксіз жұмыс істеуге кепілдік береді.

“Біз Шымкентте екі жыл жұмыс істейміз. Қайнар бұлақ тұрғын алабы көшелерінің 30 пайыздан астамы сапалы интернетпен қамтамасыз етілді. Биыл Қызылжар және Ынтымақ елді мекендерін дүниежүзілік желіге қосуды жоспарлап отырмыз. Әкімдікпен бірлесіп жұмыс істейміз. Тұрғындар бізден құрылғыны сатып алады және оларда интернет бар. Ай сайынғы құны алты мың теңге”, – деп атап өтті Марат Бақаев.

Бүгінгі таңда Шымкентте 45 тұрғын үй алабының тұрғындары сапалы интернетке мұқтаж. 2025 жылдың соңына дейін әкімдікте демеушілер есебінен проблеманы жою жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы жергілікті атқарушы билік Шымкентті 2023 жылдың соңына дейін интернетпен толық қамтуға болатынын хабарлады.

Айта кетейік, қалада базалық станцияларды орнату 2020 жылы үш кезеңде басталды. Бірінші кезеңде үшінші мегаполисте 11 нүктеге станциялар орнатылды, мобильді интернетпен қамту 82% құрады.

2022 жылы интернетпен қамтудың II кезеңінде базалық станцияны 14 нүктеге орнату жұмыстары жүргізілді. Оның сегізі – инвестордың есебінен, алтауы-нүктелік байланыс операторлары жекелеген объектілердің иелерімен бірлесіп пысықтады.

Қаладағы базалық станцияны ұлғайту үшін басқарма өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп Интернет сапасына талдау жүргізді. Талданған 110 нүктенің 22-сінде Интернеттің сапасы төмен.

Әзірленген жол картасы шеңберінде сапасыз аумақтарда 2022-2023 жылдары базалық станция орнату жоспарлануда. Егер бұл жұмыс жүзеге асырылса, онда қала аумағы 100% сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі.

Алдыңғы пост
Шымкент әкімі азаматтарды кезекті қабылдауды өткізді
Келесі пост
Түркістан облысында жас жігіт ТікТок үшін көпірден секіріп кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu