Екібастұзда 32 жастағы тұрғынды белгісіз біреулер көшеде атып кетті

351

Оқиға кеше, 15 мамырда болған. Сағат 17:40 шамасында Екібастұз қалалық полицияның кезекші бөліміне М.Жүсіп көшесіндегі медициналық орталықтың жанында әйел адам көмек сұрап жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Аталған мекен-жайға дереу жедел-тергеу тобы жіберілді. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларынан жазбаларды алып зерделеді.

Белгісіз атыс қаруынан белгісіз адам 32 жастағы ер адамға оқ атқаны анықталды. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 9-тармағы, 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция мәліметінше, күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Екінші күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс – шаралары жүргізіліп жатыр.

Алдыңғы пост
Лауазымды тұлғаға пара берген әкім сотталды
Келесі пост
Елімізде қанша көлік бар екені белгілі болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu