338
Таразда мектеп оқушысы әкесінің көлігін айдап кеткен. Полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында кәмелет жасына толмаған баланың «Subaru» маркалы автокөлігін басқарған бейнежазбасы анықталған.
Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде автокөліктің иесі анықталды. Көлік иесінің айтуынша, 12 жастағы баласы автокөлікті рұқсатсыз айдап кеткен. Оның бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желіде жүргендігі туралы білмеген.
Ол ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК айыппұл салынды. Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.
Кәмелет жасқа толмаған баламен және ата-анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.