346
Шымкентте полицейлер құқықтық тәртіп пен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Дегенмен ережеге бағынбайтын жол көлік оқиғасының себепкерлері азаймай тұр. Мәселен, қалада соңғы 1 айда 30 жол апаты тіркелді. Салдарынан 13 адам қаза тауып, 38 тұлға түрлі дене жарақатын алған.
Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасының негізгі себебіне жылдамдықты арттыру, жаяу жүргіншінің жол ережесін бұзуы, көлікті мас халде басқару, ара қашықтықты сақтамау, қарсы бағытқа шығу жатады.