Шымкент әкімі жылу маусымына дайындықты қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды

Теги: , ,
372

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жауаптыларға жылу маусымына дайындықты қыркүйек айына дейін аяқтауды тапсырды.

Қала аумағындағы 2023-2024 жылдарға жылу маусымына дайындық жұмыстарына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде. Бүгін қала әкімінің қатысуымен өткен арнайы жиында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылатын көпқабатты тұрғын үйлер мен мекемелердің дайындықтары пысықталып, өзекті мәселелер талқыланды.

Әкімдік мәліметінше, қазіргі таңда мониторинг кезінде ескірген жүйелерді қалпына келтіру үшін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ магистралды жылу құбырларын қайта құру бойынша биыл екі жоба жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар Гагарин, Абай, Громов, Гоголь, Адырбеков көшелерінде, «Нұрсәт» тұрғын алабында жүргізілетін болады.

“Жылудың сапалы болуы қазіргі дайындық жұмыстарына тікелей байланысты. Сондықтан іс шара жоспарындағы міндеттемелердің мерзімінде талапқа сай орындалуын назарға алыңыздар. Сығымдау жұмыстарын шілдеде, жалпы жылыту маусымына дайындықты қыркүйекке дейін толық аяқтаңыздар”- деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Сондай-ақ шаһар басшысы тиісті сала басшыларына жылу қазандықтарының, сорғы стансаларының дайындығын қадағалап, бюджеттік нысандардың қатты, сұйық отынға қажеттілігін нақтылауды тапсырды. Бұл кешенді шаралар қаладағы қолданыстағы жүйелерді жаңартып, жылу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау  аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың төрағалығымен жылумен жабдықтау жобаларын іске асыру, алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткен болатын. Кеңеске Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің және барлық өңір әкімдіктерінің басшылығы қатысты.

Комитеті төрағасы Тимур Қарағойшиннің айтуынша, бүгінгі таңда республика бойынша шамамен 14 мың км жылумен жабдықтау желілері бар, олардың орташа тозуы 54% құрайды.

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2030 жылға қарай жылу желілерінің тозуын 43%-ға дейін төмендету міндеті тұр. Коммуналдық желілерді жаңғырту мақсатында министрлік қаржыландырудың үш тетігін іске асыруда:

– нысаналы трансферттер,

– бюджеттік кредит,

– шығындарды 50 (елу) % – ға дейін субсидиялау.

Жылу желілерін қаржыландыру үшін ағымдағы жылдың басында республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлу жөніндегі бюджеттік бағдарлама ашылды.

Алдыңғы пост
Талдықорғанда 50 жастағы ер адам жол апатынан мерт болды
Келесі пост
Шымкент тоқыма фабрикалары сенаторлар мен Министрлер алдында өз проблемаларын айтты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu