579
Түркістан облысы Арыс қаласында 5 жасар қыз зорланған. Бұл туралы полицияға 21 мамырда арыз түскен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары негізінде күдікті ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі “Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайы анықтауда.
Ал жәбірленуші бүлдіршінмен дағдарыс орталығының психологтарын жұмыс жүргізген. Қазір ол ата-анасымен бірге үйінде.
Полиция сараптама қорытындысына сәйкес, қыздың денесінде басқа жарақаттар анықталмағанын айтты.