Алматылық такси жүргізушісі шетелдік туристерден 800 доллар алған

Теги: , ,
424

Шетел азаматтарын жеткізіп, жол ақысына 800 АҚШ долларын алған такси жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға 21 мамыр күні болған. Алматы халықаралық әуежайы маңында жеке такси қызметін ұсынатын жас жігіт  өз көлігіне Үнді елінен келген туристерді отырғызып, қонақ үйге дейін 1000 теңгеге апарып тастаймын деген. Межелі жерге жеткенде ол туристерден 1 180 АҚШ долларын сұраған. Ал бермеген жағдайда сөмкелерді қайтармаймын деп қоқан-лоқы көрсеткен. Сөйтіп шетелдіктер жүргізушіге 800 АҚШ долларын беруге мәжбүр болған.

Үнді азаматтары полицияға шағым түсірген. Полицейлер 27 жастағы жігітті ұстады. Бұл факт ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, шетел азаматтарына келтірілген шығынды өтеп берді.

Алдыңғы пост
Арыс қаласында ер адам 5 жасар қызды зорланған
Келесі пост
Шымкентте білім беру мекемесі бір баскетбол добын 232 мың теңге сатып алмақ болған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu