434
Түркістан облысының полицейлері заңсыз ақша айырбастау фактілерінің жолын кесті.
Рейд барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бірлесіп, Сарыағаш ауданындағы “Жібек жолы” кеден бекетінен заңсыз ақша айырбастаумен айналысатын 9 әйелді анықтады.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде 7 азаматқа Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 449-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ 2 құқықбұзушы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 204-бабы бойынша жауапқа тартылып, оларға айыппұл салынды.