Шымкентте асылып өлмек болған ер кісіні полицейлер құтқарып қалды

Теги: , ,
589

Шымкенттік полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды құтқарып қалды. Оқиға кеше,  1 маусым күні күндізгі уақытта болған.

Polisia.kz жазуынша, сағат 11:15 шамасында әйел кісі 102 арнасына қоңырау шалған. Ол тәртіп сақшыларынан көмек сұрап, күйеуінің өз-өзіне қол жұмсағалы жатқанын жеткізген.

Ер адам жұбайына бейнеқоңырау арқылы байланысқа шығып қоштасқан екен. Шақырту бойынша осы аумаққа қызмет көрсететін 3-ротаның патрульдік полицейлері оқиға орнына жетті. Алғашында тәртіп сақшылары қақпа жабық болған соң үйге кіре алмаған. Содан олардың бірі қоршау арқылы асып өту үшін жоғарыға көтерілген. Осы уақытта оның серіктесі құлыпты бұзып, қақпадан кірген.

Полицейлер  ауланың артқы жағында қосалқы құрылыстардың арасынан арқанға ілінген адамды байқаған. Дереу оны көтеріп, арқанды кесіп үлгерген. Медицина қызметкерлері де дер кезінде көмек көрсетті. Қазіргі таңда ер адам ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Алдыңғы пост
Салық органының бөлім басшысы 20 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген
Келесі пост
Шымкентте Бәйдібек би даңғылы үш айға жабылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu