Шыменттік ұландықтар жоғалған баланы тауып, анасына табыстады

409

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік қызмет атқарып жүрген 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне Шымкент тұрғыны жақындап, өзінің сегіз жасар ұлын таба алмай жүргенін айтады. Анасының айтуынша бүлдіршін сағат 14.30 шамасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Патрульдік топ бастығы сержант ДуманСейсенбек бүлдіршіннің сипаттамасын алғаннан кейін, барлық әскери жасаққа хабарлап, патрульшілері қатардағы Егор Сапега және ИванСечныймен бірге жедел іздеуге кіріседі.

Араға 30 минут салып, сағат 18.00 шамасында сипаттамаға келетін ұл бала «Арбат» саябағында ұландық сарбаздардың көзіне ілікті. Оның жас шамасы мен үстіндегі киімі сарбаздар іздеген белгіге сай екен. Ол шынымен жоғалған бүлдіршін болып шықты. Белгілі болғандай, ойын баласы үйінен қалай алыстап кеткенін байқамай қалыпты.Ұландықтар оны анасына табыстады.

– Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан жауынгерлеріне алғысым шексіз. Балам сағат 14.30-да үйден шығып кеткен. Содан сағат 18-00-де табылды. Ұлттық ұландықтарға алғысым шексіз, – дейді бүлдіршіннің анасы.

Алдыңғы пост
Шымкентте 23 мың адам бір дауыспен Қазақстан Әнұранын орындады
Келесі пост
Алматыда ұландықтар Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu