Шымкентте 200-ден астам отбасыға тұрғын үй көмегі тағайындалды

Теги: ,
412

Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға мемлекеттен тұрғын үй көмегі қарастырылған. Биыл Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй көмегіне 33 миллион теңге қаржы 450 отбасыға төлеу жоспарланған. Жыл басынан бері 208 отбасыға тұрғын үй көмегі тағайындалды.

Көмек түрін алудың өзіндік шарттары бар. Тұрғын үй көмегіне үміткер меншік иесі болуы керек және меншігінде бір үйден (пәтер) артық баспана болмауы қажет. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш тиісті құжаттармен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе «e-gov» порталы арқылы қабылданады.
Талап етілетін құжаттар:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
2) жұмыс орнынан жұмысқа орналасқаны бойынша бұйрық немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
3) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
4) банктік шот;
5) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған түбіртектер; (өтініш білдірген тоқсанның алдындағы түбіртектер).
6) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот және жалға алған тұрғын жайдың келісім шартының көшірмесі.
Қосымша ақпаратты төмендегі мекен жайдан, көрсетілген телефон нөмірлері арқылы алуға болады.
Мекен жайы: Шымкент қаласы, Нұрсәт ш/а, Бәйтереков көшесі, 89 үй, (29 каб)
Байланыс телефон нөмірлері: 8 (7252) 27-71-29, +77058687255.

Еске салсақ, біз бұған дейін Шымкент тұрғындары үшін «Қамқор» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген пайызбен баспана алуға мүмкіндік берілгені туралы жазған болатынбыз.

Бұл бағдарлама ең алдымен тұрғын үй кезегіне тіркеле алмайтын сала мамандарына арналған. Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының және “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлері, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады.

Алдыңғы пост
Шымкент коммуналдық қызметкерлері Арбаттағы субұрқақты бөле алмайды
Келесі пост
Шымкентте атыс ұйымдастырған Өзбекстан азаматы сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu