Экс-мәжілісмен Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды

Теги: , ,
502

Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевтың пара алды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ақпаратты растады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, экс-мәжілісмен аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, бұл оқиғаға қатысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске салсақ, Нұржан Әлтаев 1978 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы  (қазіргі Түркістан облысы) Шардара ауданында дүниеге келген.

Еңбек жолында түрлі мемлекеттік лауазымды қызметтерді атқарған ол 2019 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты болып сайланды. Алайда 2020 жылы сол кездегі «Nur Otan» партиясының қатарынан шығарылып, депутаттық өкілеттігі тоқтатылған болатын. Кейінірек ол Президент сайлауына қатыспақ болды. Алайда Астана қалалық сотының ұйғарымымен Орталық сайлау комиссиясы үміткер Нұржан Әлтаевты кандидат ретінде тіркеуді тоқтату жөнінде шешім қабылдады.

Алдыңғы пост
Шымкент ковид ауруханасының жаңа өмірі
Келесі пост
Бірыңғай қабылдау күні Шымкент қаласының әкімі 300-ден астам адамды қабылдады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu