Мирас, Шапағат-2 шағынаудандарына кәріз жүйелері тартылуда

535

Шымкент қаласы тұрғындарын мазалап жүрген мәселенің бірі – ортақ кәріз жүйесіне қосылу деңгейінің төмендігі. Бүгінге дейін  бұл тараптағы көрсеткіш 52 пайызды құраған болатын. Былайша айтқанда, 48 пайыз қала тұрғыны орталық кәріз жүйесін пайдалана алмайтын еді. Қазіргі таңда  жағдай реттелді.   

Бүгінде Мирас, Шапағат-2 шағын аудандарында кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Аталған елдімекендерге канализациялық желілерді жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2020 жылы сараптамалық қорытынды алынған болатын. Мердігер мекеме 2021-2023 жылдарға құрылыс жұмыстарына бөлінген бюджет қаражаты есебінен кәріз желілерін тартуда.

Қазіргі таңда қаламыздағы 81 шағынауданның 24-і канализациямен қамтамасыз етілген.

Биыл Тассай, Тұран (ішкі жүйесі), Қайтпас-2, 112- орам, Бозарық шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60 % – дан 65 % – ға артатын болады.

Мирас-Шапағат-2 нысанында жоспар бойынша жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізіледі. Осыған дейін жұмыстардың 69% аяқталған. Жалпы 30 адам, 7 арнайы техника жұмылдырылған нысанның құрылыс жұмыстары толығымен 2024 жылы аяқталатын болады.

Жоспар бойынша 2024 жылы шағынаудандарында кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Олар:

1.КОС-1

2.Рысқұловтан КОС-1ге

3.Забадам КОС-1ге

4. Елтай

5. Жыланбұзған

6. Айнатас

7.Бадам 1-2

8. Шаңырақ

9. Айқап

10. Тұран коллектор

11. Төлеметов коллектор

12. Нұртас шағын аудандары

Сонымен қатар, 2024 жылдың жоспарында «Сәуле», «Ақтас-2», «Көркем», «Береке» шағын ауданына кәріз жүйесін жүргізу үшін жобалық сметалық құжат энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан әзірлену жоспарлануда.

Қаланың оңтүстік пен солтүстік бөлігін кәрізбен қамтудың 2022-2025 жылдарына арналған жоспарына сәйкес кәріз тазалау станциясы мен сорғы станциясының коллекторлары және елді мекендерде ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар аяқталса, 2025 жылы кәрізбен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетеді.

Одан бөлек, жыл соңына дейін 72 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтылады. Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтылған. Қалған Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері кестемен қамтамасыз етілуде. Биыл Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы, Жаңа құрылыс аудандарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Бірыңғай қабылдау күні Шымкент қаласының әкімі 300-ден астам адамды қабылдады
Келесі пост
Шетелдік азаматтардың қазақ тілін үйренуге құлшынысы зор

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu