Бұрынғы Төтенше жағдайлар министріне қатысты тексеру жүргізілетін болды

Теги: , , ,
399

Бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге қатысты тексеру жүргізілетін болды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап берген Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты.

«Президент Бас прокурорға тапсырма берді. Соның аясында тексеру жұмыстары жүргізілетін болады. Өрт фактісі – бұл төтенше жағдай, қайтыс болғандар бар. Сол үшін қылмыстық іс аясында тексеру болады. Неліктен уақытылы шара қолданбады? Мүмкін немқұрайлылық, қызметтік міндеттерін орындамау бар шығар», – деді Марат Ахметжанов.

Бұдан өзге ІІМ өз сөзінде Семейдегі өртке қатысты іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын және өрттің шығу себебіне бірнеше нұсқалар қаралатынын алға тартты. Оның ішінде әдейі өртеу, найзағай түсу, немқұрайлылық нұсқасы да бар. Істі арнайы прокурорлар жүргізетін болады. Тергеуге 2 ай уақыт берілген.

Алдыңғы пост
Өтегенов көшесінің 1-кезеңі аяқталуға жақын
Келесі пост
Семейдегі өрт. Хабарсыз кеткен орманшының мәйіті табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu