Семейдегі өрт. Хабарсыз кеткен орманшының мәйіті табылды

Теги: , , ,
449

Абай облысының полицейлері 10 маусымда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Архиповты іздеу іс-шараларын жүргізу барысында оның денесін тапты.

Ер кісінің мәйіті өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерде табылған. Мүрдеде зорлық-зомбылық пен өлімнің сыртқы белгілері жоқ, күйік шалмаған және ол өртті сөндіруге қатыспаған.

ІІМ Telegram-каналының жазуынша, ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен табылған. Ол Абай облысы ПД-нің кинологиялық есебінің құрамында жұмыс барысында сигнал беріп, трактор табылған жерден орман жолағына дейін ер адамның жолымен жүрген.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Алдыңғы пост
Бұрынғы Төтенше жағдайлар министріне қатысты тексеру жүргізілетін болды
Келесі пост
Оралда балаларды алып бара жатқан автобус өртеніп кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu